Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр – менің тарланым» шағын көрмесі жұмысын бастады.
Фариза Оңғарсынова – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал қоғам қайраткері. Ол 1991 жылы «Қазақстан Халық жазушысы» құрметті атағына лайық деп танылып, үлкен марапатқа ие болды.
Көрме қазақ әдебиетінің жарқын бір беттерін ашуға мүмкіндік береді. Фариза Оңғарсынованың бейнесіне көрме материалдары жан бітіргендей. Жаңа технологияның арқасында мұражайға келушілер ақынның өз дауысында және жас ақындардың мәнерлеп оқыған өлеңдерін тыңдап, ақын жайлы бейнетаспаны көре алады. Замандастарының пікірінше, Фариза Оңғарсынованың шығармашылық қолтаңбасы танымал, оның өзіндік ерекшелігі шығыс және қазақ әдебиетінің терең біліміне негізделген, ашық азаматтылығы мен шынайы патриотизм оқырманға қоршаған әлем туралы түсінік береді. Фариза Оңғарсынова жайында М. Суркованың естелігінде: «Оның өлең-жырлары – кең дала хош иісі мен әуенін, домбыра үнінде ескен самал жел мен жайқалған қамысты сезесің» деп жазады.
Көрмеге Лисаков қаласының орталық кітапханасындағы Фариза Оңғрасынованың өлеңдері топтастырылған кітаптары қойылған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған шағын көрме, Қазақстанның поэтикалық мұрасын білу үшін жағдай жасайды, оның ажырамас бөлігі Атырау облысының тумасы Ф. Оңғарсынованың (1939-2014) шығармашылығы болып табылады.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/649-fariza-o-arsynova-aza-stanny-tanymal-a-yny.html#sigFreeId086592787f